Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.



             29.02.2020
                 2020 жылдың 29-ақпан күні Үшқұдық мектеп-бақшасында аудан көлемінде  Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен
                шығарылғанына 31 жыл толуына  орай әскери-патриоттық жарыс ұйымдастырылды.  Жарыс нәтижесі бойынша
               Үшқұдық мектеп-бақшасы 1-орын, Сарықобда орта мектебі 2-орын және Нұрбұлақ орта мектебі 3-орынға ие болды. 
                
              

             24.02.2020
               Үшқұдық мектеп-бақшасында жоспар бойынша жауапты мамандар арасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жүргізілуіне
            байланысты отырыс өткізілді. Отырыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандартқа сай орындалуын және де ішкі бақылау
               тексеріс жүргізіліп, нәтижесін қорытындылады.Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жүзеге асыру және тиімді ұйымдастыру
               мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

                   
             
             06.02.2020
            2020 жылдың 6 ақпан күні Үшқұдық мектеп-бақшасында Мұқағали Мақатаевтың туған күні орай «Жырлайды жүрек» атты шағын
              әдеби кеш өтті.Кеште  Мұқағалидың өмірбаяны, Мұқағали Мақатаев туралы 9 дерек көрсетілді, оқушылар қосылып ән шырқады.
             Мұқағали атамыздың жырын тыңдайтын, сүйіп оқитын ұрпағы бар да , аты санамызда мәңгіге қалады.Мұқағали мұрасы, маржан
              поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қадірлейтін мұрасы. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. Мұқағали – жалпыхалықтық,
              ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың.