Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

История

         Үшқұдық мектеп-бақша  мемлекеттік мекемесі   Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық ауылында орналасқан. Мектеп телефоны 8(71337) 6-84-26, электрондық адресі  ushkuduk-scsad@mail.ru.

          Жалпы білім беру саласында  білім беру қызметін жүргізу құқығы 09.02.2015 жылғы, №15002559  мемлекеттік лицензия берілді. Заңды тұлғаны мемлекеттік  тіркеу туралы куәлігі  № 179 -1904-04-ММ, алғашқы мемлекеттік тіркелген күні: 02.02.2011 жыл, БСН 970440002378, ҚР салық төлеушісінің куәлігі №0060400003429.

         Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық ауылы, Комсомолская көшесі 14 «А».

         Қабаттар саны – 2;

         Ғимараттың жалпы алаңы -1892 м.кв;

         Жобаның сыйымдылығы -320 оқушы;

         Оқыту, тәрбиелеу тілі – қазақ тілі.

         Мектеп бойынша 14 оқу кабинеті бар, оның ішінде:  2008 жылы 1 физика кабинеті, 2009 жылы 1 мультимедиалық және 2010 жылы 1 лингафондық мультимедиалық  кабинеттері бар,  1 ағаш өңдеу шеберхана, 1 спортзал бар. Оқу кабинеттерінен басқа 40 орындыққа арналған асхана, 1 медициналық пункт бар.

         Үшқұдық мектеп-бақшасында  оқу процесі қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. 

       Мектепте бүгінгі күні 46 мұғалім жұмыс жасайды. 46 мұғалімнің 74%-ы (34 мұғалім) жоғары педагогикалық білімді, 26%-ы арнаулы орта білімді (12 мұғалім). Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мұғалімдер – 1 (2,2%), бірінші санатты – 20 (43,5%), екінші санатты  - 11(23,9%) құрайды, санаты жоқ мұғалімдер – 14 (30,4%).  Мектеп  бойынша 6 (13%) мұғалім  ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік  бағдарламалары аясында оқыған, оның ішінде үшінші (базалық) деңгей бойынша – 5 (11%) мұғалім, бірінші (ілгері) деңгей бойынша–1(2%) мұғалім деңгейлік курстарын оқып, сертификатталған.